АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Астанада өткен демалыста терезеге шығып алған кішкентай қызды құтқару операциясы сәтті аяқталды, деп хабарлайды елордалық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент.
Оқиға Рысқұлбеков көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйде болған. Оқиға орнына келген құтқарушылар екінші қабаттағы ашық терезе жақтауында тұрған сәбиді көреді.
Операцияны бастамас бұрын құтқарушылар соққыны жеңілдетуге арналған көрпені жайып қойған. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерінің бірі баспалдақпен пәтерге шығып, баланы тыныштандырыпты.
Қыз бала үйде жалғыз қалған екен.