Оқиға

Алматы облысында қызметтік ит есірткінің ірі партиясын тапты

© Photo : Министерство обороны РКҚызеттік ит
Қызеттік ит - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ірі партия есірткі 44 жастағы ер адамның сөмкесінен табылды

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Алматы Бішкек авто жолында әрекет ететін полиция постында Ақтөс лақапты қызметтік-іздеу иті есірткі тасымалдаушысын ұстауға көмектесті, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Тамыздың 5-сінен 6-сына қараған түні бақылау полицей постында Honda Stream автокөлігі тексерілді. Оның жолаушыларының бірі екі келіге жуық гашиш өткізбек болған. 

"Спорт сөмкесіне жасырылған 1 келі 920 грамм гашишты Ақтөс лақаты бельгиялық овчарка сезіп қойды. Қордай ауданының 44 жасар тұрғыны болып шыққан сөмке иесі оқиға орнында ұсталып, қамауға алынды. Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтау, тасымалдау дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөімі бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды", — деп хабарлады облыстық полицияда. 

Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі облыс басқармасының ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылы осы полицей постында есірткі тасымалдаушыларын ұстаудың 13 дерегі тіркелген. 


Жаңалықтар
0