Өңірлер

Дүйсенбі күні Қазақстанда найзағайлы жаңбыр жауады деп болжайды синоптиктер

© AFP 2024 / Sam Yehқатты жел
қатты жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңілерінде жауын-шашын түсіп, жел күшейеді

АСТАНА, 7 тамыз — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қазақстанның қалған бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ақмола, Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерлерінде 23-28, екпіні 30 м/с және аса, кей жерлерде найзағай болады, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Қостанай облысында жел 15-20, кей жерінде 23-28, екпіні 30 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 17-22, екпіні 30 м/с, күндіз кей жерлерде найзағай болады, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерінде найзағай күтіледі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, жел 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Кызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. өте қатты ыстық ауа райы күтіледі Күндіз Атырау облысында өте қатты ыстық, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық ауа райы күтіледі, кей жерлерде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі Алматы, кей жерлерде Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

Жаңалықтар
0