АСТАНА, 6 тамыз — Sputnik. Он екі сағат кешіккен Анталья – Қарағанды рейсінің жолаушысы ауырып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.
8-9 жасар бала есінен танып қалып, бортқа жедел жәрдем шақырылған. Медициналық көмек көрсеткен дәрігерлер борттан кетіп қалды. Жергілікті уақыт бойынша Антальядан 9.00-де шығуы тиіс SCAT 467 рейсі болған оқиғадан кейін тағы бір сағатқа кешіктіріліп, ұшуға рұқсатты күтуге мәжбүр болды.
Ұшақ әуежайдан аттанды ма, жоқ па – әлі белгісіз.