Өңірлер

Жекcенбіге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуҚұбылмалы ауа райы
Құбылмалы ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болмақ

АСТАНА, 6 тамыз — Sputnik. Еліміздің солтүстігі, солтүстік-батысы мен шығысында құбылмалы ауа райы сақталады, күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін, жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте – түнде және таңертең тұман. Қазақстанның қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, күндіз Қостанай облысында желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28, ұйытқуы 30 м/с және одан асады, кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ түседі, дауыл соғады, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында – тұман.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с, бұршақ түсуі ықтимал, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында – дауыл. Күндіз Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз Қарағанды облыстарында кей жерлерде күн күркірейді.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында ауа райы ыстық болады, кей жерлерде аптап ыстық. Күндіз Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде аптап ыстық болуы мүмкін.

Алматы облысында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады. 


Жаңалықтар
0