АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Көкшетауда полиция кәмелет жасқа толмаған қыз баланы зорлаған күдікті ер адамға іздеу жариялады, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде.
Көкшетау ІІД сағат 19.20-да қыздың ата-анасы арыз түсірді. Олардың айтуынша, сағат 19.00 шамасында "№10 мектеп" автобус аялдамасының маңында бейтаныс ер адам қыздарының басынан ұрып, оның еркіне қарсы зорлық жыныстық әрекет жасаған.
Сараптама тағайындалып, 120-баптың 3-бөлімі (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқиға орнында тергеу жедел тобы жұмыс істеп жатыр.