Өңірлер

Еліміздің басым бөлігінде сенбіде жаңбыр жауып, найзағай болады деп күтіледі

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтужаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болып, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі

АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с  күшеюі күтіледі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.  

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел  15-20 м/с күшейіп, бұршақ, дауыл  күтіледі, Түнде Қостанай облысында тұман болады.

Түнде Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, облыстарында қатты ыстық күтіледі, кей жерлерінде өте қатты болады.

Күндіз  Ақтөбе облысында, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  қатты ыстық ауа райы күтіледі. Алматы облысында,  Атырау,  Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл  облыстарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі. 


Жаңалықтар
0