АСТАНА, 4 тамыз– Sputnik. Петропавлда құтқарушылар Есіл өзенінен үш жасар бала түсіріп жіберген көлікті алып шықты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 2 тамызда кешкі тоғыздар шамасында 112 қызметіне Петропавл су торабына жақын жерде Есіл өзеніндегі құлама жардан жеңіл автокөліктің суға түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Көлікті алып шығу үшін оқиға орнына құтқарушылар жеткен.
"Төтенше оқиға орнында белгілі болғандай, өзеннің жағасындағы ВМW-728 көлігінің ішінде отбасы – ерлі-зайыптылар мен алты және үш жасар балалары болған. Ер адам көліктен шығып кеткен кезде үш жасар ұлы ойнап жүріп, кілтті бұрап қалған. Суға қарай жылжып бара жатқан көліктен ер адам әйелі мен ұлын шығарып үлгерген. Қызы көліктің ішінде қалған" — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Автокөлік ішіндегі баламен суға толық дерлік батып кеткен. Қуанышқа орай, қыз баланы да уақытында судан шығарып алған, ол зардап шеккен жоқ.