АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Қазақстандық танымал ауыр атлет Светлана Подобедова ана атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін, 4 тамызда, 31 жастағы спортшы тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді. Баланың салмағы — 3800 грамм. Ауыр атлет ұлының есімін Руслан деп қойды.
Қазіргі уақытта Подобедованың иелігінде Олимпиада-2012 ойындарының алтын жүлдесі бар. Алайда допинг дауына байланысты ол спорттық шаралардан босатылған.