Өңірлер

Алматыда тәртіп бұзушы өзін видеоға түсірген әйелді қарғап кетті

© Photo : Управление административной полиции ДВД АстаныЖаяу жүргінші өтетін жер
Жаяу жүргінші өтетін жер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші тротуарда балаларымен келе жатқан әйелдің жолын бөгеген

АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Жол жүру ережесін бұзған жүргізуші алматылық әйелдің бала-шағасына ауыр қарғыс айтты, деп жазады patrul.kz. Бейсенбі 3 тамызда  жүргізуші жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен жүріп өтпек болған.

Алматы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда тағы бір жүргізуші балаларды жүксалғышқа салып алған

"Көлікке емес, адамдарға арналған жол ғой. Әбден басынған, қоршап, арнайы жол салды емес пе. Бұл жерде жұрт балаларымен жүреді", — дейді әйел ашуға мініп.

Алматылық әйел жас жүргізушіге жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүруге болмайтынын ескертемін деп, қорқынышты қарғыс естіді:

"Балаларың өліп қалсын", — деді ер адам тротуарда балаларымен кетіп бара жатқан әйелдің қасынан өтерде.

Басылымның хабарлауынша, болған істің мән-жайы құқық қорғау органдарына берілді.  


Жаңалықтар
0