АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Дубайда орналасқан әлемдегі ең биік мұнаралардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды РИА Новости Gulfnews басылымына сілтеме жасап.
Биіктігі 350 метр The Torch атты аспанмен таласқан ғимараттың тоғызыншы қабаты өртке оранған. Желіде оқиға куәгерлері түсірген видеолар мен суреттер лезде тарап кетті. Халық арасында "Дубай шырағы" деп аталып кеткен мұнараның төбесі де тілсіз жаудың құрсауында қалған.
Соңғы деректерге сүйенсек, қазір өрт сөндірушілер ахуалды реттеді.
"Дубайдағы The Torch тұрғын үй ғимаратынан шыққан өрт әжептәуір ауыздықталып қалды", — деп хабарлады қаланың баспасөз орталығы Желіде.
Өрт салдарынан ешкім зардап шекпеген. Үйсіз қалған тұрғындар көрші ғимарат — Princess Tower-ді уақытша паналай түрады.