Қоғам

Бахрейнде жоғалып кеткен қызға қатысты жаңа мәлімет пайда болды

CC0 / pixabay.com / Қыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бахрейнде жоғалып кеткен Тагина Хайтметованың анасына белгісіз бір қыздан хабар келді

АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Бахрейнде жоғалып кеткен Тагина Хайтметова әлі күнге дейін туған-туыстарына хабарласқан жоқ. Бейсенбі 3 тамыз күні қыздың анасы Матлюбе Ханжановаға қызының қайда жүргені туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Бойжеткен - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ҚР СІМ: жоғалып кеткен қазақстандық қызды Бахрейнде іздеп жатыр

Арнаның хабарлауынша, Тагина Хайтметованың анасына бейтаныс бойжеткеннен  "WhatsApp" арқылы аудиохабарлама келіпті. Байланысқа шыққан отандасымыз да қазір Бахрейнде жүр екен.

"Мен мына жаққа бір ай бұрын келдім, менің құжатымды тартып алып, қонақ үйде жұмыс істеуге мәжбүрлеп жатыр. Ақшамды да алып қойды. Туыстарым мені жоғалды деп арыз береді. Бірақ мен жоғалған жоқпын, байланыстамын. Тек ешқайда шыға алмай, қапаста отырмын. Үш апта болды, тек бір қонақ үйден екіншісіне алып барады. Олардың атауларын білемін, сіздің қызыңыз солардың бірінде", — депті қыз аудиохабарламада.

Аудиожазбаның авторы Тагина Хайтметованың жоғалып кеткені туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы естіпті. Ол да Бахрейнге табыс табамын деп барып, соңында күңге айналған. Айтуынша, Бахрейнде қазақстандық қыздарды жұмысқа орналастырамыз деп алдап шақырып, кейін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейтін агенттік бар екен. 24 жастағы Тагинаны да дәл сол ұйым ұстап отыруы мүмкін дейді ол. 

Естеріңізге салсақ, астаналық Тагина Хайтметова Бахрейнге жұмыс іздеп барып, із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Қыздан 29-шы шілдеден бері хабар жоқ. Қазір оны еліміздің дипломаттары да іздестіруде.

Жаңалықтар
0