АСТАНА, 4 тамыз — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін, дауыл соғады. Еліміздің батысы, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысында ауа райы жауын шашынсыз, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет сайты.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, дауыл соғады. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін.
Жамбыл облысында желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Алматы облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20, күндіз ұйытқуы 25 м/с, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін. Қызылорда облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең дауыл соғуы ықтимал.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, дауыл соғуы мүмкін. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарында кей жерлерде аптап ыстық. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.