АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешевтің үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бойынша көмекшісі болып қоғамдық белсенді, мүгедек Мұрат Әбдімомынов тағайындалды.
"Кешеден бері Астана әкімінің үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бойынша көмекшісі өз қызметін бастады. Бұл лауазымға Мұрат Әбдімомынов тағайындалған", — деп жазды Астана әкімінің баспасөз қызметі басшысы Эльвира Жүргенбаева Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, бұл туралы сәрсенбі күні әкімнің мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесуі кезінде белгілі болды.
"Айтпақшы, енді оларды (мүмкіндігі шектеулі жандар – ред.) "рухы мықты" деп атайтын болдық. Қазіргі таңда Астанада 22 мыңға жуық рухы мықты адамдар тұрып жатыр", — дейді Жүргенбаева.