АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті полиция қызметі тікұшақ бастаған үйлену той кортежінің видеосын тексеріп жатыр, деп хабарлады ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы, полиция полковнигі Салтанат Қаракөзова.
Видео әлеуметтік желілерде 2 тамызда жарияланды. Mercedes-Benz, Bentley, Cadillac автокөліктерінен құралған үйлену тойы кортежі болжам бойынша Шымкент – Ташкент тас жолымен келе жатқан. Кортежді тікұшақ бастап келе жатыр екен.
ІІД баспасөз қызметі атап өткендей, кімнің үйленгені, тікұшақ кімге тиесілі екені әлі белгісіз.
"Жергілікті полиция қызметі видеоны тексеруде. Автокөліктер табылып және басқа да мәліметтер анықталса, қосымша хабарлаймыз", — деді Салтанат Қаракөзова.