Өңірлер

Қазақстанда аптап ыстық бұршақ пен дауылға ауысады

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтужаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың солтүстік және оңтүстік-батыс аумақтарында түнде және таңертең тұман күтіледі

АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Батыс, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығысында және солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, күндіз Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болуы мүмкін

, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болуы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Оңтүстік-Қазақстан облысында кей жерлерде жел 17-22 м/с күшейеді, дауыл болуы мүмкін. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысында тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Атырау, кей жерлерде Жамбыл, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты ыстық ауа райы күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Атырау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

 

Жаңалықтар
0