АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мәліметіне сүйенсек, "EXPO PLAZA" түрғын үй кешенінде архитектуралық қала құрылысы бойынша заң бұзушылықтарға жол берілген.
Басқарма басшысы Төлеген Құлышев "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің маңында құрылыс жұмыстарын жүзеге асырған "Базис-Комфорт" ЖШС-ның басшылығымен және Хусейн бен Талал мен Қабанбай даңғылының қиылысында орналасқан "EXPO PLAZA" тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті.
"Жетекші қадағалаушы инспектормен бірге нысанды аралап көріп, архитектуралық қала құрылысы саласы бойынша заңбұзушылықтарға жол берілгенін анықтады. Басқарма өкілдері құрылыс жүргізушіге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізуде. Оның қорытындысы бойынша заңбұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар әкімшілік жазаға тартылатын болады", — делінген ведомствоның хабарламасында.