Өңірлер

Бес облыста дабылды ескерту жарияланды

© AFP 2024 / ALAIN JOCARDнайзағай
найзағай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Найзағай ойнап, қатты дауыл болады

АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

3 тамызда тәулік бойы Қостанай облысында найзағай, кей жерлерде  екпіні 25 м/с жел, бұршақ, дауыл болады деп болжанып отыр.

3 тамызда түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің екпіні 18 м/с болады.

Сондай-ақ Жамбыл облысында  кей жерлерде найзағай, бұршақ түсіп, дауыл тұруы ықтимал, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, кей жерлерде жел екпіні 23-28 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 3 тамызда күндіз кей жерлерде найзағай, бұршақ түсіп, дауыл болады, жел екпіні 25 м/с күшейеді.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреуі ықтимал. Тәулік бойы оңтүстік-батыстан секундына 17-22 метрге жететін жел соғады. 


Жаңалықтар
0