Экономика

Елімізде бір күнде доллар бағамы 5,14 теңгеге өсті

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуақша
ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық валюта долларға шаққанда әлсірей түсуде

АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстандық қор биржасының (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңге бағамы долларға шаққанда 5,14-ке әлсіреді. 

"Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша орташа сараланған доллар бағамы 335,21 теңгені (+5,14 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық мөлшері 366 300 мың долларға өсіп, 494 000 мың долларды құрады. Сауда-саттыққа 27 банк қатысты", — деп хабарлайды KASE.

Бұған дейін сарапшылар Қазақстанда күзге қарай доллар бағамы 420 немесе 450 теңгеге дейін өсетінін болжаған болатын. 


Жаңалықтар
0