Оқиға

Астанада ер адам элиталы пәтерлерді жасанды құжатпен сатып келген

© ИА "Новости-Казахстан"Астана, "Гранд Алатау" ТК.
Астана, Гранд Алатау ТК. - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция заңсыз пәтер сатудың үш жағдайын анықтады

АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. Астанада элиталы пәтерлерді жалған құжат жасау арқылы сатқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Есіл аудандық ішкі істер басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру барысында алаяқтық жасады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жалған құжаттар жасау арқылы элиталы тұрғын үй кешендерінің пәтерлерін қайта рәсімдеп сатқан.

 Полицияға "Лессор 2020" ЖШС-нан белгісіз адамның "Солтүстік шұғыласы" тұрғын үй кешеніндегі пәтерді қайта рәсімдеп, 44 миллион теңгеге сатқаны туралы шағым түскен. Дәл осындай тәсілмен аталған кешендегі тағы бір пәтер 45 миллион теңгеге сатылған. 

Полиция  күдіктінің өткен жылдың қазанында Достық көшесі бойындағы пәтерді қайта рәсімдеп, 86 миллион теңгеге сатқанын анықтады. 

Ұсталған адам Астана қалалық ІІД уақытша оқшаулар орталығына  қамалды. Жедел тергеу шаралары жүргізілуде.  "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 


Жаңалықтар
0