АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. Полицейлер Балқашта жас қызды өлтірді деген күдік бойынша жігітті ұстады, деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Бойжеткен қыздың денесін 31 шілдеде гараж массивінен тапқан. ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлер аулаларды шолып шығып, қылмыс жасалған ауданда жұмыс істейтін сауда орындарының сатушыларынан, такси жүргізушілерінен жауап алды.
Бейнебақылау камераларын зерттеу кезінде қыздың бір жігітпен гараждар жаққа кеткені анықталды. Бір тәулік ішінде 18 жастағы қала тұрғынының кім екені белгілі болғаннан кейін күдіктінің ізіне түсу мүмкін болды.
Полиция қызметкерлері қаланың 21 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта жігіт уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр. Сараптамалар тағайындалып, кісі өлтірудің мән-жайы анықталып жатыр.