Оқиға

Қостанайда қойдың басын үйітпек болған жеткіншек қатты күйіп қалды

© Photo : Костанайские новостиҚостанайда күйіп қалған жеткіншек
Қостанайда күйіп қалған жеткіншек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балаға алты ота жасалды, жағдайы ауыр қалыпты

АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. Қостанай облысында дәнекерлейтін шамға қатты күйіп қалған оқушыға үнемі қан құйып отыру керек, деп жазады өңірлік "Костанайские новости" басылымы. 

Оқушының туысы  Дина Байтастың айтуынша, Қостөбе ауылында 15 жасар Ұланға қойдың басын үйіту туралы өтініші жасаған. Отағасы баланы сарайға жіберген. Ол жерде жазатайым оқиға орын алып, дәнекерлеу шамының оты жеткіншектің үстіне өткен. 

Денесінің 50 пайызға жуығы күйік шалып, ауыр хәлде санитарлық авиацияның көмегімен ауруханаға жеткізілді. Балаға алты ота жасалды, қазіргі уақытта жағдайы ауыр қалыпты деп бағаланып отыр.

Өрт Ұланның бетіне тимеген, бірақ аяғы мен іші қатты күйген. 

Аурухананың травматологиялық бөлімінің жетекшісі Дмитрий Герасимовтың айтуынша, есін жиған кезде ата-анасымен сөйлесіп отыр екен.

Ұланның ата-анасы отбасылық қайғылы оқиғаға бей жай қарамайтын баршадан Быков көшесі 4а, мекен жайы бойынша орналасқан облыстық қан орталығына келіп кез келген топтағы қан тапсыруды сұрайды. 


Жаңалықтар
0