АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. Алматы — Қапшағай тас жолында минивэн мен жеңіл көліктің қатысуымен болған жол апатында алты адам зардап шекті.
43 жастағы әйелдің басқаруындағы Honda Odissey мен рөлінде 54 жасар ер адам болған такси Renault Samsung көліктері соқтығысты. Атап көрсетілгендей, Renault екі жолаушы болған, олар жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды.
Honda көлігінде екі 15 жасар және 1987 және 1951 жылы туған екі әйел болған. Олар орталық аудандық ауруханаға жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Жеткіншектер жеңіл жарақат алғандықтан, дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне қайтарылды. Әйелдер ауруханаға жатудан бас тартты.
Алматы облысы Іле ауданы полицейлері тергеу жүргізуде, сараптамалар тағайындалды.