АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстандық әскери дәрігерлер Әскери халықаралық ойындарының "Әскери медицина эстафетасы" байқауында екінші және үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Ресей Қорғаныс министрлігі ақпарат және бұқаралық коммуникация департаменті.
"Әйел конкурсанттары арасында Ресей әскери қызметкері көшбасшы болды, екінші және үшінші позицияға Қазақстан Республикасының әскери дәрігерлері тұрақтанды", — делінген хабарламада.
Әскери ведомствоның деректеріне сәйкес, "Әскери-медициналық эстаета-2017" әскери ойындары байқауының халықаралық кезеңі аясында Санкт-Петербург түбінде Белоруссия, Иран, Зимбабве, Қазақстан және Ресей әскери дәрігерлерінің әйелдер және ерлер құрамасы арасында кедергі жолағын еңсеру бойынша жарыстар өтті.