Қоғам

"Казправданың" бас редакторы ауысты

Жазылу
Асыл Сағымбеков газеттің бас редакторы қызметінде Татьяна Костинаның орнын басты

АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. "Казахстанская правда" газетінің бас редакторы болып  Асыл Сағымбеков тағайындалды, деп хабарлады газеттің сайты. 

Басылымның бұрынғы бас редакторы Татьяна Костина зейнетке шықты.  

Бұрын ол "Вечерний Алматы" газетінде бас редактордың орынбасары болған. Әр жылдары "Литер" республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, "ҚазАқпарат" ақпараттық агенттігінде, "Труд" газетінде және "Казахстанская правда" газетінде жұмыс істеген. 


Жаңалықтар
0