Өңірлер

Қазақстанда сәрсенбіде қатты жел тұрады деп болжайды синоптиктер

© Sputnik / Болат Шайхиновқолшатыр
қолшатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Қазақстанның батысында, оңтүстік-шығысында және солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Республиканың кей жерлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.  Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Қызылорда, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болуы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз жекелеген аудандарда бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі. Жамбыл, Атырау, күндіз Оңтүстік-Қазақстан, Маңғыстау, Карағанды облыстарында желдің күші 15-23 м/с жетеді.

Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен бірге күшейеді.Күндіз Атырау, кей жерлерде Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Кызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Атырау, Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.  


Жаңалықтар
0