АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Жүк тиелген ат арбаның астында қалған ер адам Көкшетау ауруханасында көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарында.
Көкшетау ішкі істер басқармасына Ақмола облыстық ауруханадан науқастың көз жұмғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ауруханаға келген полицейлер Бурабай ауданы Қарабұлақ ауылының 1939 жылы туған тұрғыны, 29 шілде сағат 11.45-тер шамасында бөшке су тиелген ат арбадан құлап кеткенін анықтады. Бұл кезде жегулі ат кенеттен жүріп кетіп қарт кісіні басып өтті.
Зардап шеккен кісі жарақаттармен Ақмола облыстық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен кісіні дәрігерлер аман алып қала алмады. Денені мәйітханаға жолдап, сараптама тағайындалды.