Саясат

Сирияның РФ-дағы елшісі: Астанадағы кездесу тамыздың аяғында өтуі мүмкін

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуСирия жалауы
Сирия жалауы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сирияның РФ-дағы елшісі: Астанадағы кездесу тамыздың аяғында өтуі мүмкін

АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Астанадағы сирияаралық реттеу мәселелері жөніндегі келіссөздерді өткізудің нақты уақыты белгісіз болып қалуда. Өз болжамын Сирияның Ресей Федерациясындағы елшісі Рияд Хаддад жариялады, деп жазады РИА Новости. 

"Қазіргі уақытта ешқандай нақты шешім жоқ. Білкім, тамыздың соңғы аптасында немесе бір екі күн бұрын", — деді Рияд Хаддад. 

Бұдан бұрын Қазақстанның сыртқы істер министрлігі келіссөздердің уақытын жылжыту туралы ақпараттың қолдарында жоқ екенін мәлімдеген. 

Өз кезегінде Сирияның Ресейдегі елшісі Рияд Хаддад келіссөздер қатысушыларының құрамы бұрынғыша қалып, кездесудің бұрынғы форматта өтетінін атап өтті. 


Жаңалықтар
0