АСТАНА, 1 тамыз — Sputnik. Алматы облысында полиция 30 жастағы ауыл тұрғынын ұстады, ол кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген, деп хабарлады өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Оқиға Алакөл ауданында болған, полиция Тентек өзені жағасында 17 жасар қызды зорлаған жергілікті тұрғынды ұстады. Қыз бала Шығыс Қазақстан облысынан туған-туыстарының үйіне қыдырып келген екен.
Тексеру барысында ұсталған азаматты дәл осындай қылмыс үшін бірнеше мәрте сотталғаны белгілі болды.
2013 жылы Алакөл ауданында тонаушылық жасап, зорлағаны үшін сотталса, 2017 жылы көктемде зорлағаны үшін қайта ұсталған, алайда тараптардың бітімге келуіне байланысты жазадан құтылып кеткен.
Соңғы үшінші дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлғаға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралуда.