АСТАНА, 1 тамыз — Sputnik. Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел тұрады, бұршақ түсуі мүмкін, дауыл соғады, еліміздің басқа өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні – 15-20, күндіз ұйытқуы – 25 м/с, жекелеген аудандарда бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Қостанай облысында таңертең және күндіз желдің екпіні – 15-20 м/с, бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал.
Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде желдің екпіні – 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады.
Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні – 15-20 м/с.
Павлодар облысында, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Күндіз Алматы, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде аптап ыстық.
Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.