АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Физика пәнінен өткен жыл сайынғы халықаралық олимпиадада №1 Білім-инновациясы лицейінің түлегі Темірлан Амангельдинов күміс медальді жеңіп алды. Ол қарындаш өзегі мен магниттерден сейсмографты құрастырды, және де бір стақан су, тұз және лазердің көмегімен диффузия жылдамдығын анықтады.
Физика пәні бойынша беделді халықаралық олимпиада (IphO)Индонезияның Джокьякарта қаласында өтті. Онда әлемнің 88 елінен 400-ден астам адам қатысқан.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Бірінші, тәжірибелік кезеңде, бір стақан су, тұз және лазердің көмегімен диффузия жылдамдығын анықтау керек болды, және де қарындаш өзегі мен магниттерден сейсмографты құрастыру ұсынылды.
"Екінші кезең – теориялық кезең болды",- дейді Темірлан.
Онда үш тапсырманы шешу керек еді. Бірінші тапсырма ықпалдасуға қатысты, екіншісі жанартаулар, ал үшінші тапсырма – қара құрдым жайында. Тапсырмалар қиын болды, бірақ мен шешімін таптым.
Өз білімінің арқасында Темірлан Оңтүстік Корея университеттерінің біріне білім грантын жеңіп алып, онда инженер мамандығы бойынша оқуға түсті.
"Бірінші жыл танысу жылы болады", — деп түсіндірді Темірлан. – Ары қарай мамандықты таңдау қажет. Қалай болған жағдайда да мамандығым физикамен байланысты болады.
Беделді олимпиададағы жеңіс Темірланға қалаған шетелдік жоо-ға түсуге мүмкіндік бергенімен, ол оқу орнын таңдап қойғанын және Оңтүстік Кореяға аттануға дайындалып жатқандығын айтты.