Оқиға

Семейде полиция қуған көліктен 18 жастағы қыз түсіп қалып, мерт болды

© Photo : Stefan SchweihoferЖол белгісі
Жол белгісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция қуған көлік жоғары жылдамдықпен келе жатқан

АСТАНА, 31 шілде — Sputnik. Семейде полицейлер қуған көліктен 18 жастағы қыз түсіп қалып, мерт болды, деп хабарлайды YK-avto.kz өңірлік басылымы.

Құлжа тас жолында көлік әйелді қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда көлік рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті

Жұма күні полицейлер жоғары жылдамдықпен және сөндірулі шамдармен келе жатқан "Волга" көлігін байқап қалып, оның ізіне түседі. Олар жүргізушіден көлігін тоқтатуды сұрайды. Жүріп келе жатқан "Волга" көлігінің жолаушылар есігі ашылып, ішінен қыз бала құлап кетті. 

Кейін белгілі болғандай, қыз 18 жаста болған, алған жарақаттардан бойжеткен көз жұмды. 

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында бойжеткен көлік соғып, қаза тапты деп хабарланған болатын. Бірақ полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды. Қыздың көліктен неге түсіп қалғаны әлі белгісіз, тиісті сараптамалар тағайындалған. 

"Волга" жүргізушісі Бесқарағай ауданының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды. Жігітке қатысты қылмыстық тергеу басталды.

Жаңалықтар
0