АСТАНА, 31 шілде — Sputnik. Қазақстанның шекараға жақын орналасқан аудандарында тұратын халық Ресей аумағында шекаралық бақылаудан өтпей-ақ транзитпен қатынайтын болды, бұл туралы заңды РФ президенті Владимир Путин қабылдап, құжат құқықтық ақпарат порталында жарияланды.
"Ресей Федерациясы үкіметі мен Қазақстан Республикасы арасындағы Астана қаласында 2016 жылы 4 қазанда қол қойылған, 1996 жылғы 18 қазаннан бері теміржол көлігі кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеу ерекшеліктері туралы келісімге өзгертулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау", — делінген құжатта.