АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аудандарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде өткінші жаңбыр күтіледі, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болуы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с болып, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.
Күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстырының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с болып, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Батыс-Қазақстан, күндіз Атырау облыстырының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық күтіледі. Алматы, Жамбыл, облыстарында қатты ыстық күтіледі, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан, Кызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Атырау, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Қарағанды, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.