АСТАНА, 29 шілде — Sputnik. Мотоцикл жүргізушісі автокөлікке соғылып, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйнесек, Subaru автокөлігі шығыс бағытта Торайғыров көшесімен келе жатады, Мұстафин көшесіне солға бұрылмақ болады, сол кезде батыс бағытта мотоцикл келе жатқан еді.
Subaru жүргізушісі бір көлікті жіберіп, бұрыла бергенде, оған бар жылдамдықпен келе жатқан мотоциклші соғылады, көліктің алдыңғы терезесіне соғылған ол, бірнеше метрге ұшып түсіп, басын жарақаттады.
© SputnikМотоцикл жол апатына ұшырады
1/3
© Sputnik
Мотоцикл жол апатына ұшырады
© SputnikМотоцикл жол апатына ұшырады
2/3
© Sputnik
Мотоцикл жол апатына ұшырады
© SputnikМотоцикл жол апатына ұшырады
3/3
© Sputnik
Мотоцикл жол апатына ұшырады
1/3
© Sputnik
Мотоцикл жол апатына ұшырады
2/3
© Sputnik
Мотоцикл жол апатына ұшырады
3/3
© Sputnik
Мотоцикл жол апатына ұшырады
Ол ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды.
Куәгерлердің айтуынша, мотоциклшінің жанында сыра бөтелкелері шашылып қалған, соған қарағанда ол мас болса керек.