АСТАНА, 29 шілде — Sputnik. Алматы қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ескертуінше, 29-31 шілде аралығында тауға жаяу шығу және автокөлікпен бару шектеледі.
Бұл шектеулер аптап ыстықпен байланысты. Қазақстанның оңтүстігінде демалыс күндері аптап ыстық ауа райы сақталады.
"29-31 шілде аралығында Алматы қаласындағы ауа температурасының жоғарылауынан және таулы-орманды аумақтардағы өрт қаупінің V класына байланысты Іле Алатауы Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі терроториясында жаяу жүру және автокөлік қозғалысы шектеледі", — деп хабарлады ТЖД.