АСТАНА, 28 шілде — Sputnik. Қазақстанда 2017/2018 оқу жылының басталуын 1 қыркүйектен 2 қыркүйекке ауыстыруы мүмкін, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ҚР білім және ғылым министрлігінде.
Ведомствода атап көрсетілгендей, ауыстыру туралы тиісті өкім шығарылған, алайда ресми хаттар әзірге жолданбаған. Сондықтан бұл мәселені түбегейлі шешілді дегенге келмейді.
Ағымдағы жылы 1 қыркүйек — Білім күні мұсылмандардың Құрбан Айт мерекесіне тұспа-тұс келеді. Білім күні Қазақстанда ресми мейрам болып табылмайды.