Өткен жаңалық аптасы әдеттегідей бір мағыналы емес оқиғалармен ерекшеленіп, жарқын эмоциялар мен жомарт теңеулерге толы болды
Кейде күлкілі, кейде драмалық, детектив секілді еріктіргіш, ал енді бірде киносериал секілді романтикалық. Бұл туралы нақтырақ – біздің қорытынды фото іріктеуден көріңіздер.

Өкінішке орай туған күн жылына бір-ақ рет келеді. Бірақ сол күнді де саналы өткізу керек. Қазақстандық саяси элита өкілдері үшін туған күні таңында спорттық рух пен сергек қуатта болу дәстүрге айналып келеді. Қазақстан президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков туған күнін саябақта жүгірумен өткізді. Туған күн иесін ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов, қаржы министрі Болат Жәмішев, сондай-ақ BI Group басшысы Айдын Рахымбаев. Айтқандай, бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында кәсіпкер жариялады.

2/8
© Sputnik / Айгюзель Кадир
Астанаға оңтүстік Тараз қаласынан елордаға екі айда жеткен керуен келді. 150 адам мен 50 дерлік жылқыдан құралған керуен мыңнан астам шақырым жүріп өтті. Оның мақсаты елорда тұрғындары мен қонақтарына қазақ халқының тарихы мен бай мәдениетін көрсету болды.

Міне елордаға қонаққа келген Кейдждің өзі. Әзірге шапансыз. Бірақ қолында күрегі бар. Голливуд жұлдызы қалалық аллеяда ағаш отырғызды.

4/8
© Sputnik / Болат Шайхинов
Астанаға "Еуразия" кинофестиваліне келген голливуд актері, продюссер және режиссер Джон Малкович ЭКСПО халықаралық көрмесі аумағын күзетсіз аралап шықты

5/8
© Photo : предоставлено организаторами шоу "Энергия звука"
Әлемдік деңгейдегі "Үн энергиясы" музыкалық шоуы ЭКСПО көрмесінде өтті. Дирижер мен виртуоз скрипкашы Маратт Бейсенғалиевтің басқаруымен оркестр музыканттары аспаптарда ойнап қана қоймай, 7 метрлік биікке көтерілді.

6/8
© Photo : Александра Чумакова
Linkin Park тобының елордалық фанаттары 20 шілдеде өмірден озған топ вокалисті Честер Беннигтонды еске алу үшін Есіл өзенінің жағалауында жиналды. Табынушылары топтың сүйікті әндерін гитарамен орындады.

7/8
© Photo : прокуратура Панфиловского района Алматинской области
27 шілдеде Алматы облысы Панфилов ауданы Шолақай ауылында ЯК-12 ұшағы құлап, жанып кеткен. Ұшақтың ішінде болған 2 адам қаза тапты: 1963 жылы туған ұшқыш Хамит Ақбергенов пен 1978 жылы туған "Аршидинов" шаруашылық қожалығының басшысы Мәсімжан Мәсімов.

8/8
© Sputnik / Елена Бережная
Германиядан келген жазушы Вера Мария Стади әр жылдары ата-анасы тұрған жерлерді аралап жүріп, Петропавлға келді. Петропавл оның отбасының ауыр тарихы туралы кітабындағы кезекті тармағы болмақ.
