АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қостанай қалалық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов пен дәрігер Роман Лавриненко кәсіби міндеттерін дұрыс орындамады деген айып бойынша өз кінәсіздіктерін дәлелдеді.
Дәрігерлердің емдеу сапасына шағымды сотқа стационарда 2012 жылғы қыркүйекте емделген науқас түсірген. Оның пікірінше, аяқ сынығын емдеу кезіндегі Әбілқасымов пен Лавриненконың әрекеттері асқынуға әкеліп соқтырып, мүгедектікке әкелген.
Алайда сотта, науқастың проблемалары оған Илизаров аппаратын қойған кезінде инфекция жұқтыруы мен оның остеомиелитке әкеліп соқтырғаны анықталды.
Сондықтан Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінде хабарлағандай, "жүргізілген емдеудің тікелей себепті байланысы жоқ".
Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Марал Әбілқасымов пен Роман Лавриненко кінәсіз деп танылып, қылмыстық құқықбұзушылық дәлелденбегендіктен ақталды.