Қоғам

Астанада 3 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

© Photo : paolatinaкішкентай бала
кішкентай бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кішкентай бала үйде ата-ана қарауынсыз қалған

АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Астанада  кішкентай бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетіп, мерт болды. 

Бала - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтауда алты жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. 

Оның айтуынша, қайғылы оқиға бейсенбі кешке болған. 2014 жылы туған бала ата-ана қарауынсыз қалып, алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Ол сол жерде көз жұмған. 

Иманқұлов атап өткендей, жазда балалар жиі ата-ана қарауынсыз қалады. Ал осы кезде өрт пен жазатайым оқиғалар артады. 

Астанада жыл басынан бері 9 бала терезеден құлап кеткен. Бесеуі ауруханада емделіп, төртеуі қаза тапты, біреуін құтқарып қалған. 

Негізінен бұл жағдайдың бәрінде балалар ата-ана қарауынсыз қалған. 


Жаңалықтар
0