АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қазгидромет 2017 жылғы 29-31 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында демалыс күндері ауа райы жауын-шашынсыз, күн аптап ыстық болады. Күндіз ауа температурасы 35…40°, кей жерлерде 43°С көтеріледі.
Еліміздің батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 31 шілдеде ыстықтың беті қайтады, бірақ демалыс күндері кей жерлерде ауа температурасы 37…41° болады.
Республикамыздың солтүстік, орталық және шығыс аудандарында күн жылы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Дауылды жел соғуы мүмкін.
Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 3…7°С жоғары болады деп болжанып отыр.