Қоғам

Астана әкімінің тапсырмасымен жас шенеунік автобусқа мінді

© Sputnik / Евгений Самарин / Медиабанкке өтуАвтобус салоны
Автобус салоны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім беру басқармасы басшысы міндетін атқарушы қоғамдық көлікпен жүргені туралы Facebook парақшасында жариялады

АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Астана қаласы білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әнуар Жанғозин Астана әкімінің тапсырмасына сәйкес қоғамдық көлікпен жүрді.

Шенеунік автобусқа мініп, балалық шағын еске алған екен.

"90-шы жылдар, Қарағандыда бірінші сыныпқа барғанымда, бірнеше рет автобуспен қатынап көрдім, бірақ дағдарыстың салдарынан ашу-ызаға булыққан адамдарды көріп, жаяу жүргенді дұрыс көретінмін. Алматыда мектебім қаланың басқа шетінде болды, сондықтан күнде автобуспен баратынмын. Әлбетте, мектеп  жылдары мұның бәріне онша мән бере қоймайсың, дегенмен қыстырысқан адамдар, жанталаса ақша санаған кондуктордың шаршаңқы кейпі жадымда мәңгі сақталып қалыпты", — деп жазды Жанғозин.

"Елордамыздың көлік жүйесі қызметінің қазіргі деңгейіне, қиындықтардың да жоқ емес екенін ескерсек, жалпы оң баға беруге болады", — деп атап өтті шенеунік.

Жазбасымен бірге селфи-фотосы мен билетін суретке түсіріп жариялапты. Суретке қарағанда Жанғозин таңғы сағат жетіде жедел бағдарды пайдаланған екен.      

Facebook қолданушылары шенеунікке қарбалас уақыт кезінде қарапайым автобусқа отырып көруге кеңес берді.

Жаңалықтар
0