Саясат

Мысыр СІМ ұсталған қазақстандық студенттердің мәселесін шешуге көмектеседі

© AFP 2024 / Noel Celis Кісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Египетте ұсталған алты қазақстандық студенттің тағдыры сыртқы істер министрлерінің келіссөзінен кейін де анықталған жоқ

АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Мысырда ұсталған алты қазақстандық азаматтың жағдайын анықтауды жалғастыруда: Қазақстанның СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов мысырлық әріптесі Самех Шукримен осы мәселені талқылады.

Мысырдың туы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мысырда ұсталған 6 қазақстандықтың тағдыры әлі күнге белгісіз

Қос министр қазақстандық тараптың бастамасымен кеше кешкісін телефон арқылы сөйлесті.

"Қазақстан египеттік билік өкілдерінен жас жігіттерді ұстау себептері мен олардың қазір қайда екендігі туралы толығырақ ақпарат беруді сұрайды, сонымен бірге олардың денсаулықтары жайлы да білгісі келеді, деді Қ. Әдірахманов. Қазақстан Елшілігінің консулы мен ұсталғандар арасында байланыс ұйымдастыру қажет", — делінген Қазақстан СІМ хабарламасында.      

Шукри қойылған сұрақтардың орынды екенін бағамдап, толық түсіністік танытатындығына сендірді әрі мәселені шешуге барынша көмек көрсетуге уәде берді.

Студенттердің не үшін ұсталғаны әлі анықталған жоқ.

Жаңалықтар
0