Әлем

Стамбул әуежайында SCAT пен Turkish Airlines соқтығысты

Жазылу
Екі ұшақ ұшу-қону жолағында соқтығысқан

АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. SCAT қазақстандық авиакомпаниясының ұшағы Стамбул әуе айлағында басқа бір ұшақпен соқтығысты, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасының сайты.

Телеарна мәліметінше,  SCAT ұшағы ұшу-қону жолағында оң жақ қанатымен түрік ұшағын қағып кеткен. Екі ұшақ та болар-болмас зақым алды. Ұшақтың ішінде болған адамдар зардап шеккен жоқ.

Қазақстандық әуе компаниясы жолаушылары Ақтауға ұшып келіпті. Ал Turkish Airlines жолаушылары Тайбэйға басқа ұшақпен аттанды.

Жаңалықтар
0