Оқиға

Алматыда "Жедел жәрдем" көлігі аударылып, бүлдіршін зардап шекті

© Sputnikжедел жәрдем
жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көзбен көрушілердің айтуынша "жедел жәрдем" көлігі бұрылатын кезде жағатын шамды қоспаған

АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Алматыда "жедел жәрдем" көлігі жол апатына түсіп, екі адам зардап шекті, оның ішінде кішкентай бала бар, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарының өкілдері. 

Жол-көлік оқиғасы Рысқұлов және Емцов көшелерінің қиылысында жұмаға қараған түні болған. Көзбен көрушілер мен BMW жүргізушісінің сөзіне қарағанда, шетел көлігі Рысқұловтың бойында шығысқа қарай, ал жедел жәрдем қарсы бетте келе жатқан. Емцовқа жетпей бұрыла бастаған. BMW көлігі жүргізушісінің айтуынша, бұрылатын белгі беретін шамдарын жақпаған. 

BMW көлігі әрекет етіп үлгере алмай келіп солға бұрыла бастаған жедел жәрдем көлігін бүйірден соғады. Салдарынан жедел жәрдем көлігі бір жағына аударылып қалған.

Жол апатынан бір ересек және бір бүлдіршін жапа шекті, олар ауруханаға жатқызылды.

Оқиғаның мән-жайын Алматы полициясы анықтайтын болады. 


Жаңалықтар
0