АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Алматы облысында қолында бір жасар баласы бар әйелге жол бойындағы талдың үлкен құрғақ бұтағы құлап, салдарынан бүлдіршін қаза тапты.
Қайғылы оқиға 26 шілдеде Қаскелең қаласында орын алды. Әйел бар болғаны қатты қорқып қалған. Бүлдіршінді аман алып қалу мүмкін болмады. Ол ауруханаға жолда көз жұмды.
"Дерек қайғылы оқиға ретінде тіркелді. Анықталған талаптарға сәйкес, олар бойынша тиісті тексеру жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады облыстық полиция баспасөз қызметінде.