Қоғам

"Жүрегім езіліп кетті": Малкович Астанада онкологиялық ауру балалармен кездесу туралы

© Sputnik / Болат ШайхиновДжон Малкович Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында
Джон Малкович Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Голливудтық актер көз жасын әрең тыйып, балаларға ертерек сауықтануын тіледі

АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Голливуд актері Джон Малкович Астана қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында болып, онкологиялық ауруға шалдыққан балалармен кездесті. "Оскар" сыйлығының номинанты балалардың өзі және шығармашылығы туралы сұрақтарына жауап берді. 

"Мен ауруханаларда көптеген бала көрдім, бірақ ешқашан дәл осылай кездескен емеспін. Бүгін менің жүрегім езіліп кетті. Мен балаларды қатты жақсы көремін. Өмір кейде осылайша әділетсіздік танытады. Бірақ біз қолдан келгеннің бәрін істеуіміз керек. Мен барлық балалардың сауығып, балалық шақтарына оралуын тілейін", — деді Джон Малкович. 

Актер әзірге немерелерінің жоқ екенін, ал балаларының әкесінің жолын қумағанын айтты. Малковичтің қызы – шеф-повар, ал ұлы бояулы мотоциклдар жасаумен айналысады. 

Сондай-ақ, Малкович өзінің балаларға арналған сүйікті фильмі туралы сұраққа жауап берді. 

"Өкінішке орай, мен балаларға арналған өте аз фильмдерге қатыстым. Мәселен, мен "Мадагаскар Пингвиндері" мултьфильміндегі өзімнің сегізаяқ рөлімді жақсы көремін. "Тышқандар мен адамдар туралы" фильміндегі рөл ұнады", — деп бөлісті актер. 

Балалар мен олардың ата-аналары актерден оның армандары, Астана туралы әсері, сондай-ақ Қазақстан туралы кино түсіргісі келіп-келмейтіні туралы сұрады. 

"Мен қазақ мәдениеті туралы фильмді қуана түсірер едім, бірақ меніңше, оны қазақстандық режиссерлер жақсырақ түсіретін секілді", — деді Джон Малкович.


Жаңалықтар
0