АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Жүк көлігі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Астана қаласы ішкі істер департаменті баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.
Жол апаты бейсенбі 27 шілдеде Пушкин көшесі бойында сағат 10.00-де болған.
Бастапқы мәлімет бойынша, Mercedes АCTROC жүк көлігінің 1955 жылғы жүргізушісі Пушкин көшесімен келе жатып, рөлге ие болмай қалады да, қарама-қарасы қозғалыс жолағына өтіп кетіп, "Лада Приора" көлігіне соғылады. Жол апаты салдарынан "Лада" көлігінің 1993 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал 1994 жылы туған жолаушысы әртүрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.
Жол апаты дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.