АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Шымкентте жасалған пластикалық ойыншықтар шетелге сатылатын болды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
"Наурыз Пластик" тауар маркасы бар өнім жергілікті нарықта бірнеше жыл бұрын пайда болған: құмда ойнауға арналған ойыншықтар, лего-конструкторлар, шар, пирамидалар, ойыншық көліктер және тағы басқалары.
© Photo : ОҚО әкімінің баспасөз қызметіОйыншықтар
Ойыншықтар
© Photo : ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Енді кәсіпорын өз өнімдерін шетелдік нарыққа шығармақшы.
Ойыншықтардың бағасы қытайлық өнімдермен салыстырғанда екі есе арзан. Кәсіпкерлердің айтуынша, бәрі халықаралық экологиялық стандарттарға сай келеді. Пластмасса – сапалы әрі зиянсыз.
Кәсіпорын айына үш мың ойыншық шығарады екен.