АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Алматы облысында ұшақ құлап, екі адам қаза тапты. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Комитет ақпаратына сәйкес, 27 шілдеде Панфилов ауданы Шолақай ауылында ЯК-12 ұшағы құлап, 2 адам қаза тапты.
Ұшақ авиахимиялық жұмыстар жүргізіп жатқан. ЯК-12 ұшағы "ҚазАвиа" әуе компаниясына тиесілі.
Комитет бұл оқиға бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды.
Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, ЯК-12 ұшағы жүгері алқаптарына химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізген.
"Ұшақтың ішінде ұшқыш пен тағы бір адам болған, екеуі де қаза тапты", — деді ол.